Алматыдағы депо бастығы ұсталды ма – ҰҚК жауап берді
Алматы қаласындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы — «Алматы пайдалану вагон депосы» филиалының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті Politico.kz-тің ресми сауалына берген жауабында растады.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген жауапта.
БАҚ-та Алматы қаласындағы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалы — «Алматы пайдалану вагон депосы» филиалының директоры К. Аманбаевтың 110 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен жұмыс орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы ақпарат тараған еді.
Кейіннен бұл ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы ресми түрде растады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...