Алты қазақстандықтың өмірі: Путин Ақтаудағы апат үшін Қазақстаннан кешірім сұрамай ма?
Путин Әзербайжаннан кешірім сұрады, бірақ Қазақстаннан сұрамады.
Ресей президенті Владимир Путин Ақтау маңындағы әскери ұшақ апатынан кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиевке хабарласып, 25 әзербайжандық азаматтың қазасы үшін кешірім сұрады. Алайда бұл апаттан қаза тапқандар арасында 6 Қазақстан азаматы да болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ, Азаттық арнасына сілтеме жасап.
Бұл оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде «Ресей Қазақстаннан да кешірім сұрауы тиіс» деген пікірлер көбейді. Көпшілік «Қазақстан билігі неге Мәскеуден кешірім талап етпейді?» деп сұрақ қойып жатыр.
Азаттық радиосының тілшісі Мәжіліс депутаттарынан бұл мәселеге қатысты пікір білдіруін сұрады. Депутаттар әзірге нақты жауап бермегенімен, кейбірі Қазақстан тарапы бұл мәселеде Ресеймен дипломатиялық байланыс жүргізуі мүмкін екенін айтты.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...