Алтынай Жорабаеваның сіңлісі Сәкен Майғазиевке бриллиантпен көмкерілген алтын сағат сыйлады

11.11.2025 10:09 Айсұлу Мұрат
Алтынай Жорабаеваның сіңлісі Сәкен Майғазиевке бриллиантпен көмкерілген алтын сағат сыйлады
0
85
Фото: видеодан скриншот. Суретте: Сәкен Майғазиева, Индира Жақыпова

Ел арасында кеңінен танымал кәсіпкер, Алтынай Жорабаеваның өнердегі сіңлісі Индира Жақыпова желідегі парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Ол әнші Сәкен Майғазиевке қымбат сый жасағанын мәлімдеді

"Сәкен ағама бриллиантпен көмкерілген алтын Rolex сағатын сыйладым. Алла берушілердің қатарынан қылғанына шүкір. Сәкен аға, игілігіңізге тағыңыз! Өнеріңіз өрге жүзіп, отбасыңыз аман, ғұмырыңыз берекелі болсын!" – деп жазды Индира Жақыпова.

Жазба желі қолданушылары арасында үлкен талқылауға себеп болды. Бірі кәсіпкердің жомарттығын мақтап, жылы лебіз білдірсе, енді бірі мұндай сыйлықтарды мұқтаж жандарға берген дұрыс екенін айтты.

"Супер", "Алла осы аппақ, таза көңіліңізге үйіп-төгіп берсін", "Майғазиев қой, қалай десек те...", "Мәрттік, жомарттық – байлардың нағыз үлгісі", – деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий