«Анаконда келін»: тойда вальс билеп жатқан жас жұбайлар жанжалдасып қалды (ВИДЕО)

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы үйлену тойынан түсірілген бейнежазба кең таралып жатыр. Кадрларда жас жұбайлар әсем вальс билеп, айналасында түтін мен жарық шоуларымен сүйемелденген ерекше атмосфера көрініс табады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Алайда бидің соңына қарай күтпеген жағдай орын алады: қалыңдық пен күйеу жігіттің арасында жанжал туындайды.
Қалыңдық ренжіп, жігіттен алшақтай жөнеледі. Күйеу жігіт оны тоқтатуға тырысқанымен, қалыңдық батыл түрде кетіп қалады.
Оқиғаның нақты себебі мен әрі қарай қалай өрбігені әзірге белгісіз.
Дегенмен, Қазнет қолданушылары бұл сәтті қалжыңға айналдырмай қалмады.
«Қыз дұрыс істеді, мінезін басынан-ақ көрсету керек»,
«Жанжалды кейінге қалдыра алмадыңдар ма?»,
«5 жылдан кейін ол нағыз анаконда келінге айналады»,
«Барлығына тамада кінәлі».
Соңғы жаңалықтар





