«Анамның өзі суға батқанына сенбеймін»: Жетім қыз 10 жыл бұрынғы жұмбақ істі қайта тергеуді талап етті (ВИДЕО)

08.06.2026 11:36 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Анамның өзі суға батқанына сенбеймін»: Жетім қыз 10 жыл бұрынғы жұмбақ істі қайта тергеуді талап етті (ВИДЕО)
400
Коллаж: Politico.kz|Фото: tiktok.com/@yedilovva1

Ақтөбе қаласының тумасы 2007 жылғы Әсел Едилова әлеуметтік желіде бейнеүндеу жариялап, осыдан 10 жыл бұрын жұмбақ жағдайда көз жұмған анасының ісін қайта қарауды сұрады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бойжеткеннің сөзіне қарағанда 2016 жылы оның анасы Айнұр Едилова Елек өзенінің жағасында құрбысымен отырған кезде қастарына бейтаныс 3-4 ер адам келіп бірге ішімдік ішуді ұсынған. Анасы олардан бас тартқан кезде ортада үлкен жанжал туындап, қасындағы құрбысы қорқып қашып кеткен көрінеді. Ал келесі күні таңертең полиция қызметкерлері марқұмның суға батып қайтыс болғанын және бұл жазатайым оқиға ретінде тіркелгенін мәлімдеген.

Алайда қайғылы оқиғадан бері 10 жыл өтсе де, марқұмның қызы бұл ресми тұжырымға мүлдем сенбейтінін жеткізіп, құзырлы органдардан істі қайта ашуды талап етті.

«Менің іштей мазалап тұрған сұрағым бар, арада он жыл өтсе де жаңағы құрбысы ізім-қайым жоқ болып кетті, тіпті садақасына да келген жоқ. Түн ішінде қастарына келген үш-төрт еркек не істеп жүргені де белгісіз, мен ешкімді айыптамаймын, бірақ іште күдік бар. Анам жүзу білетін болғандықтан оның өзі суға батып кетті дегенге сенбеймін. Сондықтан осы істі қайтадан қарастырып, сол құрбысын тауып алуға және анамның қазасына байланысты тергеудің әділ өткенін білуге көмектесулеріңізді сұраймын», — деді Әсел Еділова TikTok желісіндегі парақшасында.

Бұдан бөлек бойжеткен осы үндеуі арқылы өзінің туған әкесін де тапқысы келетінін жасырмады. Оның қолында әкесіне қатысты нақты құжаттар жоқ болғанымен, анасының өміріне қатысты кейбір мәліметтер сақталған.

«1990 жылы туған анам 2005-2006 жылдар аралығында Ақтөбе облысы Қобда ауданында тұрған, ал 2007 жылы мені дүниеге әкелді. Сол уақыттан бері әкем туралы ешқандай ақпарат білмеймін, тіпті есімі кім екені де беймәлім. Бірақ мен оны табамын деген үлкен үміттемін», — деді ол өз бейнежазбасында.

Қазіргі қолда бар ақпарат бойынша оның әкесі 1988-1990 жылдары Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Әлия ауылында туған болуы мүмкін. Есімі «Е» әрпінен басталатындықтан оның аты Ерлан немесе Ержан болуы ықтимал екені айтылады.

Қоғамнан көмек сұраған қыз анасы мен оның таныстарының суретін желіге жүктеп, бұрынғы сыныптастары мен құрбыларын іздестіріп жатыр.

@yedilovva1 Ответ пользователю @𝓫𝓪𝓷𝓾 ♬ оригинальный звук - yedilovva1
Войдите, чтобы оставить комментарий