Анасы 17 жасар ұлын "Бүркіт" сарбазы жәбірлегенін айтты

17.09.2025 17:44 Арман Ермеков
Анасы 17 жасар ұлын
1369
Фото: Kazinform/Виктор Федюнин

Әлеуметтік желіде 17 жастағы Бекнұр есімді жасөспірімнің анасының баяндаған оқиғасы талқылануда. Анасының айтуынша, ұлы «Бүркіт» арнайы жасағының қызметкері тарапынан жәбір көрген, деп хабарлайды Qumash арнасы.

Оқиға биыл қаңтар айында болған. Жасөспірімді Айша есімді таныс қызы үйіне қонаққа шақырған. Арада біраз уақыт өткен соң есік қағылып, үйге қыздың «Бүркіт» арнайы жасағында қызмет ететін Жандос есімді ағасы келеді. Жасөспірім диванның астына тығылып үлгергенімен, әскери қызметкер оны тауып алады.

Жәбірленушінің анасының сөзінше, Жандос оның ұлын соққыға жығып, ұялы телефонын тартып алған.

Қазіргі уақытта бұл іс әскери сотта қаралып жатқаны хабарланды. Жасөспірімнің анасы сот әскери қызметкердің жағына шығып, оны жауапкершіліктен босата ма және келтірілген шығын өтелмей қала ма деп алаңдаулы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий