Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция туралы: Мені қорқытып жатқан адамдар бар
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев утиль алымына қарсы петиция жөнінде пікір білдірді.
Сондай-ақ, БАҚ өкілдері министрге «Мемлекет басшысы утиль алымын алып тастау жөнінде шешім қабылдаса, сіз қарсы боласыз ба?» деген сауал қойды.«Утильалымға қатысты мәселені шешу үшін заң аясында жұмыс істеуіміз керек. Мен TikTok желісінде бірнеше видео мен пікірді көрдім, мені қорқытып жатқан адамдар бар. Менің айтарым — әр мәселені, қоғамның проблемаларын заң аясында шешуіміз керек. Ал петиция 50 мың қол жинаса, оны қараймыз», — деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
«Әрине, мен Президентке қарсы шықпаймын. Халықтың наразылығын жақсы түсінеміз, алайда қоғамның өзге өкілдерінің пікірін тыңдамаймыз ба? Қазір өнеркәсіпті қорғау мен сақтауды 10 мыңнан астам адам қолдап отыр. Олардың пікірін не істейміз? Менің ойымша, петиция механизмі нақты демократияның көрсеткішін көрсетіп отыр ғой», — дейді ол.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...