Ангелина Лукас көп сөйлеп, іс жүзінде ештеңе бітірмейді - Назым Қызайбай
917
Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай боксшы Ангелина Лукас туралы пікір білдірді, деп хабарлады politico.kz Tengri Sport-қа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Ангелина Лукас – істің емес, тек сөздің адамы.
Әркім өз жолын таңдайды. Біреулер жаттығу жасап, нәтиже көрсетіп, ілгері жылжиды, ал біреулер тек көп сөйлеп, іс жүзінде ештеңе бітірмейді. Ангелина да сөйлеген. Ол сұқбаттар беріп, Олимпиадаға қатысқысы келетінін айтқан еді. Оған спаррингтерге қатысу мүмкіндігі берілді, бірақ өзі бас тартты. Менің ойымша, ол жеңіске жетпейтінін түсініп, бас тартты. Егер шынымен де Олимпиадаға барғысы келсе, ол сол жерге барып, өз күшін дәлелдер еді. Бірақ ол жерде ешқандай мүмкіндік жоқ екенін түсінді. Жеті қатысушының әрқайсысы одан мықты еді. Сондықтан келмегені дұрыс болды деп ойлаймын, - деді Назым Қызайбай.Сондай-ақ ол Ангелина Лукасқа алдағы уақытта кәсіби рингте өнер көрсетіп, шын мәнінде лайықты атақтарды жеңіп алуына тілектестік білдірді. Фото: ҰОК/Сали Сабиров//instagram.com/angelina_lukas1997
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
09:36
«Ішіп алған ба»: Айтыс сахнасында ұятқа қалған ...
14.09.2026
09:16
«Балаң мен әкең бақилық болса, қартаясың»: Ердо...
14.09.2026
09:10
Ақтауда электр желілері басқармасының директоры...
14.09.2026
08:36
Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы ...
14.09.2026
08:15
Тоқаев Кореяға ұшып барды
13.09.2026
17:05
Арал ауданында учаскелік полиция инспекторы қаз...