Әнші Алтынай Жорабаева ауыр қайғыға душар болды
7596
Белгілі әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы орны толмас қаза туралы әлеуметтік желіде хабарлады. Өнер иесінің қайнысы Әли Тұралыұлы 41 жасқа толуына санаулы күндер қалғанда жол-көлік апатына ұшырап, өмірден өтті, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің жазбасына сүйенсек, қайғылы оқиға 2026 жылдың 14 қаңтарында болған. Әли Тұралыұлы ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, алты күн бойы комада жатқан. Алайда 20 қаңтар күні ол мәңгілік мекеніне аттанған.
— «Қайным, Әли Тұралыұлы, 41 жасына толуына 4 күн қалғанда жол апатына ұшырап, 6 күн комада жатып, Раббысына қайтты. Папамның қасына сен де бардың… Жаның жәннатта болсын», — деп жазды Алтынай Жорабаева.
Жазбада марқұмның әкесінің де өмірден ертерек өткенін меңзейтін жүрек ауыртар сөздер бар. Бұл жағдай желі қолданушыларының жанын тебірентіп, көпшілік өнер иесіне және оның отбасына көңіл айтып жатыр.
Марқұм Әли Тұралыұлы 1985 жылы дүниеге келіп, 2026 жылы 20 қаңтарда өмірден өткен

Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...