Әнші Меруерт Түсіпбаеваның әкесі дүниеден өтті
659
Танымал әнші, ҚР еңбек сіңіргер қайраткері Меруерт Түсіпбаеваның әкесі бақилық болды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Өнер иесінің әкесі баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші болған.
“Әкем фәни жалғаннан озды… Әдетте, 88 жас деген – той ғой деп жұбатады жақындар, осы сөздермен іштей келісіп, шүкір еткенімізбен, мәңгілікке қоштасу неткен қиын… Әкем мені, төрт қызының ішінен бөліп, ерекше жақсы көрді…
Балғабай Тусупбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс , өнерлі жан болатын. Рухыңыз пейіште шалқысын, әке”, – деп жазды ол.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...