Әнші Тамара Асар жаңа жылды Меккеде қарсы алды
Өнер иесі отбасымен бірге умра сапарына барып, Қағбада құлшылық жасап қайтқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Politico.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Әншінің бөліскен суреттерінен оның жолдасымен бірге қасиетті орында жүргенін көруге болады. Жазбасында Тамара Асар жаңа жылға ақжарма тілегін арнап, жаңа басталып жатқан 2026 жылдың әр күні жақсылыққа толы болуын тілеген.
"Ардақты АҒАЙЫН!!! Жаңа жылдың ашылғалы тұрған есігі, құтымен берекесімен ашылсын!!! Жаңарып жатқан 2026 жылдың күнтізбесі, әрбір күнімізді жақсылықпен тізе берсін!!!
Еліміздің, Жеріміздің, Отанымыз бен Ошағымыздың Сіздер мен Біздердің амандығымыз бен ынтымағымыздың нығайтуына тілек тілеудеміз. Алла қабыл етсін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, әншінің қасиетті сапардан бөліскен фотолары қысқа уақыт ішінде мыңдаған лайк жинап, әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
"Қара бала жетпей тұр", "Ниет қабыл болсын", "Көкейдегі мың сұрақтың жауабын жүрекпен естіп, бекемдік орнасын", деп жазды пікір қалдырушылар.
Соңғы жаңалықтар