Антикор жемқорларды жариялайтын ашық реестр құруды ұсынады
Антикор жемқорлардың ашық тізімін енгізуді ұсынады
Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төраға орынбасары Ұлан Сарқұлов Мәжіліс кулуарында жемқорларды жариялайтын ашық реестр құрудың маңыздылығын түсіндірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Бұл реестрдің негізгі мәні – қоғам арқылы әсер ету. Біз айтамыз ғой: «Ұят болады». Сондықтан бұл тізім адамдардың мінез-құлқына ықпал етеді деп ойлаймыз», – деді Сарқұлов.
Оның айтуынша, ашық реестрді құруға айтарлықтай қаржы қажет емес.
Бұған дейін хабарланғандай, тізімге ауыр және аса ауыр жемқорлық қылмыс жасағандар енгізіледі. Реестрден шығу тек соттың ақтау үкімі мен соттылықтың алынуы негізінде мүмкін болады.
Жемқорлар тізімі Антикордың ресми сайтында жарияланатыны жоспарланып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
11:40
Алматы метросында не болды: метрополитен жағдай...
09.11.2026
11:35
«Сіздің туысыңызбын деді» Қазақстандық Жапаровқ...
09.11.2026
11:06
"Ұлын қызғанғаны соншалық, психологқа барған": ...
09.11.2026
10:58
Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді: Үкімет ел кү...
09.11.2026
10:41
Ақмола облысындағы жол апатынан кейін 4 күндік ...
09.11.2026
10:29
Астанада Есіл өзенінен тағы бір ер адамның мәйі...