Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді: Үкімет ел күтпеген тізімді бекітті
Үкіметтің 2026 жылғы 4 қарашадағы қаулысымен Ұлттық пантеон туралы ережеге өзгерістер енгізілді. Құжатта пантеон аумағында жерленетін қайтыс болған немесе қаза тапқан тұлғалардың лауазымдар тізімі жаңа редакцияда бекітілді, деп хабарлайды Politico.kz.
Жаңа ережеге сәйкес, Ұлттық пантеонға мына тұлғалар жерленеді:
- Қазақстанның вице-президенттері, премьер-министрлері және олардың орынбасарлары;
- Құрылтай төрағалары және олардың орынбасарлары;
- Қазақстан Халық Кеңесінің төрағалары және олардың орынбасарлары;
- Парламенті палаталарының төрағалары мен олардың орынбасарлары;
- Мемлекеттік хатшылар, Мемлекеттік кеңесшілер;
- Президенті әкімшілігінің басшылары;
- Конституциялық Кеңесінің, Конституциялық Сотының, Жоғарғы Сотының және Ұлттық Банкінің төрағалары;
- Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасарлары;
- Министрлер, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары;
- Елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері;
- Президенттің арнайы шешімі бойынша басқа да Қазақстанның азаматтары.
Жерлеу рәсімі қалай жүргізіледі?
Аталған тұлғаларды жерлеу рәсімін ұйымдастыру марқұмның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің бастамасымен жүзеге асырылады. Бұл міндет елорданың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жүктеледі.
Жергілікті атқарушы органдар мына шараларды қамтамасыз етеді:
- Жерлеуге қажетті құжаттарды ресімдеу;
- Жерлеу кезінде пайдаланылатын қажетті атрибуттармен қамтамасыз ету;
- Мәйітті Пантеонға тасымалдау;
- Жерлеу рәсімін өткізу.
Ұлттық пантеонда арнайы жерлеуді тіркеу кітабы жүргізіледі. Онда марқұмның аты-жөні, пантеонға жеткізілген және жерленген күні, өмірбаяны, Қазақстанға сіңірген еңбегі мен басқа да қажетті деректер көрсетіледі.
Үкімет қаулысы 2026 жылы 17 қарашадан бастап ресми түрде күшіне енеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
10:58
Ұлттық пантеонға кімдер жерленеді: Үкімет ел кү...
09.11.2026
10:41
Ақмола облысындағы жол апатынан кейін 4 күндік ...
09.11.2026
10:29
Астанада Есіл өзенінен тағы бір ер адамның мәйі...
09.11.2026
10:28
"Сәлемін алмадым": Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен ...
09.11.2026
10:22
Алматыда оқушылар жаппай уланған мектептің дире...
09.11.2026
10:07
Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті