«Апама – жездем сай!»: Айжұлдыз Адайбекованың ерекше фотосессиясы желіні күлдірді

04.12.2025 12:26 Айсұлу Мұрат
«Апама – жездем сай!»: Айжұлдыз Адайбекованың ерекше фотосессиясы желіні күлдірді
0
53
Фото: Instagram жеке парақшасынан

Блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова Instagram парақшасында тың фотосессиясын жариялап, желі қолданушыларының көңілін көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Кадрлардан Айжұлдыздың жұбайы Сәкен Қағаровпен бірге бір-бірінің суреті бейнеленген жұптық пижама киіп түскені байқалады. Ерекше әрі әзілге толы образ көпшілікті бейжай қалдырмады.

Жарияланым астына Айжұлдыз:
«Инстаграмдағы жылтыр өмірге қызықпаңдар. Шынайы life әлдеқайда қызығырақ», – деп жазба қалдырған.

Желі қолданушылары бұл фотосессияны жылы қабылдап, пікірлерін қалжың араластыра жазды. Көпшілігі ерлі-зайыптылардың қарапайым да шынайы тұрмысын жоғары бағалаған.


«Өздерің де біз сияқты мінсіз емес отбасы екенсіңдер ғой»«Үй шашылып жататын жалғыз мен емес екенмін»«Пижаманы “өлтіріпсіңдер”, бірден байқамадым!»«Апама – жездем сай!»«Шаблонсыз өмір сүретініңізге риза боламыз» деген сынды жазбалар жиі кездеседі.

Желі қолданушыларының айтуынша, Жанар Айжанованың қызы мен жолдасының бұл бейнесі жасандылықтан ада, нағыз өмірдің көрінісін көрсеткен.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий