«Апелляциялық арыз берді»: Яна Легкодаимованы өлтіргендер түрмеде телефон қолданып отыр

22.01.2026 17:18 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
«Апелляциялық арыз берді»: Яна Легкодаимованы өлтіргендер түрмеде телефон қолданып отыр
160
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Яна Легкодимова

Яна Легкодимованы өлтіріп, өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов үкімге апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы «Не молчи» қоры жазды.

Қордың жазуынша, Ризуан Хайржанов соттың аса қатаң жаза тағайындауына «қоғамдық қысымның тым жоғары болуы» себеп болды деп есептейді.Алайда жәбірленуші тарап өкілдері бұл уәжді жоққа шығарып, соттың ашық режимде, қолданыстағы заң талаптарына толық сай өткенін мәлімдеді. Үкімнің түпкілікті тағдыры апелляциялық сот шешімінен кейін белгілі болады.

«Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимовты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі 17 қарашада шыққан болатын. Судья Хамидуллина үкімді 6 қаңтарда берді. Үкім көлемді болғандықтан ұзақ ұстаған шығар. Ал кеше, 21 қаңтарда, жәбірленуші тарап сотталған Ризуан мен Алтынбектің апелляциялық арызын алды. Адвокаттар құжаттарды оқып жатыр. Сотталғандар үкімді өзгертуге үмітті. Янаның анасы Галина Легкодимова екі адвокат жалдады. Келесі кезең – апелляциялық сот. Егер үкім күшіне енсе Ризуан мен Алтынбек №39 мекеме – «Қара бүркітке» кетеді. Қазір олар уақытша ұстау изоляторында. Олардың қолдарында телефон мен интернет болуы мүмкін. Өз арызында Ризуан сотқа қоғамдық қысым қатты болғанын айтыпты», - деп жазды ол.

Еске салайық, 2025 жылдың 17 қарашасында Яна Легкодаимованы өлтіргендерге сот үкімі шыққан болатын. Күдікті Ризуан Асланов пен Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий