Ақмола облысында бөгет жарылды (ВИДЕО)

06.04.2026 08:24 Әсел Мұрат
Ақмола облысында бөгет жарылды (ВИДЕО)
411
Фото: видеодан скрин

Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Шөптікөл бөгеті жарылып, қазір жол жағдайы бақылауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бөгет Ақмола облысының Қорғалжын ауданында Сабынды ауылы маңында орналасқан.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметіне, оның бұзылуынан алқаптар арқылы су елді мекенге жайылып, «Астана — Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өтті. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өткен жоқ.

Қазіргі уақытта Ақмола облыстық филиалының жол қызметтері ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар қабылдады. Онда 14 арнайы техника мен 30-дан астам жол маманы тартылған. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді.

Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий