Ақмола облысында борсықтарды аяусыз өлтірген жұмысшыларға қатысты іс қозғалды

26.01.2026 15:48 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Ақмола облысында борсықтарды аяусыз өлтірген жұмысшыларға қатысты іс қозғалды
333
фото-коллаж: politico.kz

Ақмола облысының полиция департаменті борсықтарға қатысты жасалған қатыгездікке байланысты тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Politico.kz

Жол жөндеу жұмыстары кезінде борсықтарды өлтірген тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Ақмола облысы полиция департаментінің мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша тергеу шаралары қолға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық қатысушылардың жеке басы анықталды. Жануарларға қатыгездік көрсету фактісіне байланысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары толық аяқталғаннан кейін күдіктілердің іс әрекеттеріне тиісті құқықтық баға берілетін болады.

Бұл келеңсіз оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Жақсы ауданында орын алған. Алдын ала ақпарат бойынша, жағдай «Екатеринбург пен Алматы» бағытындағы республикалық маңызы бар автожолды жөндеу кезіндегі жер қазу жұмыстары барысында белең алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде көпшіліктің наразылығын тудырған бейнежазба таралған болатын. Бейнеде жер қазу жұмыстары кезінде үш жұмысшының борсықтарды қинап өлтіріп жатқан сәттері таспаланған. Желі қолданушылары мен табиғат жанашырлары жабайы аңдарға жасалған мұндай озбырлыққа қатысты өздерінің теріс пікірлерін білдіріп, жауапты тұлғаларды жазалауды талап етті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий