Ақмола облысында ер адам мешіттен қайырымдылық ақшасын ұрлады

11.04.2026 09:59 Қарақат АСЫЛОВА
Ақмола облысында ер адам мешіттен қайырымдылық ақшасын ұрлады
349
Садақа жәшігін бұзған ұры ұсталды

Ақмола облысында криминалдық полиция қызметкерлері мешіттен қайырымдылыққа жиналған қаражатты ұрлау дерегін ашып, күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға осы жылдың наурыз айында облыстың елорда маңындағы аудандарының бірінде тіркелген. Полиция мәліметінше, белгісіз адам ауылдық мешіт ғимаратына заңсыз кіріп, ешкім жоқ сәтті пайдаланып, садақа жәшігіндегі ақшаны ұрлаған. Күдікті арнайы қысқыш құралдың көмегімен жәшікті ашқан.

Қылмыс салдарынан 800 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілген. Ұрланған қаражат мешітке келушілердің қайырымдылық мақсатта қалдырған ақшасы болған.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, арыз түскеннен кейін жедел-іздестіру шаралары бірден басталған. Бірнеше апта бойы полицейлер күдіктінің жеке басын анықтап, оның жүру бағыттарын зерттеп, бұрын осындай қылмыс жасаған тұлғаларды тексерген. Нәтижесінде күдікті Астана қаласында ұсталды. Ол бұрын да осындай қылмыстар жасаған 40 жастағы ер адам екені белгілі болды.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, полицейлер күдіктінің өңірде және одан тыс жерлерде жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий