Ақмола облысында жол апатынан бірнеше адам зардап шекті
Астана-Көкшетау-Петропавл тасжолында жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам зардап шекті, деп хабарлайды Politico.kz.
«ҚазАвтоЖол»-дың хабарлауынша, апат болған жол учаскесінде жұмысшылар жол белгілерін сызып жатқан
Жол апаты шамамен сағат 17:00-де болды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota Alphard жүргізушісі қашықтықты сақтамай, рөлге ие бола алмай, алдында келе жатқан «ГАЗель» көлігімен соқтығысқан. «ГАЗель» жол белгілерін сызу жұмыстарын сүйемелдеп жүрген.
«Апат салдарынан бес адам зардап шекті. Зардап шеккендердің барлығы жедел медициналық жәрдем бригадасымен Бурабай аудандық орталық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасының мән-жайын уәкілетті органдар анықтап жатыр. «ҚазАвтоЖол» жол бөлігінде көрінетін ақаулар жоқ екенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...