Ақмола облысындағы мешітте жарылыс болып, бірнеше адам қаза тапты
427
Ақмола облысы Қорғалжын ауданындағы мешітте газ жарылып, үш адам қаза тапты.
Төтенше жағдай Сабынды ауылындағы бұрынғы ауылдық мешіт ғимаратында жерлеу рәсімі өтіп жатқан жерде болды.
Облыстық төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, газ-ауа қоспасы жарылып, кейін опырылған. Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алты газ баллонын шығарды. Жалпы ғимаратта жеті газ баллоны болған.
Оқиға салдарынан 1978 жылы туған ер адам қайтыс болды. Үйінді астынан құтқарушылар 1983 жылы туған әйел мен 2012 жылы туған баланың денесін тапты.
Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 16 адамды Астана қалалық ауруханасына жеткізді.
"Қазір құтқарушылар үйінділерді тазартып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен жеке құрамның 30-ға жуық адамы мен 5 бірлік техникасы, сондай-ақ жедел-құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы, оның ішінде психологтар, қаланың кинологиялық қызметі бар", - деп хабарлады Ақмола облысы Төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз қызметі.
Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылды, сенім телефоны 8 716 25 20950.
Соңғы жаңалықтар
24.07.2026
11:43
"Феноменсіз": Ерке Есмахан продюсер Баян Алагөз...
24.07.2026
10:52
«Жанына сыбырлап айтатын адамдарын ертіп келсін...
24.07.2026
10:40
"Штраф салып басты қатырасыңдар": Атышулы Бағда...
24.07.2026
10:24
Алматы облысында 6 жасар балаға қан құйылғаннан...
24.07.2026
09:49
Лондондағы элитті қонақүйден Сауд Арабиясы ханз...
24.07.2026
09:20
Қарағанды облысында қайғылы жағдай болды