Астанада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды 

Астанада кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды 
Фото: Threads

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде кішкентай қызға тиісті деген күдікпен ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы жергілікті тұрғын Threads желісінде хабарлап, бейнебақылау камерасына түскен күдіктінің жазбасын таратты. 

Оның айтуынша, оқиға «Бағыстан-4» тұрғын үй кешенінде боллған. Сондай-ақ тұрғын үйдегі қауіпсіздік деңгейінің тым төмен екеніне шағымданды. Тұрғын үй кешені 2025 жылдан бастап пайдалануға берілсе де, бейнебақылау камералары тек кіреберістерге ғана орнатылған. Ал аула мен автотұраққа бөгде адамдардың еркін кіріп-шығуына мүмкіндік бар.

Астана қалалық полициясы аталған факті бойынша он алты жасқа толмаған тұлғаға жыныстық сипатта тиісу бабымен тергеу бастады. 

Құқық қорғау органдары оқиғаның басқа мән-жайлары туралы әзірге ақпарат берген жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу