Ақмола облысындағы жазғы лагерьде балалар уланды
Ақмола облысында балалар демалып жатқан лагерьде төрт бала уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Біржан сал ауданындағы білім беру-сауықтыру орталықтарының бірінде болған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 9 бен 12 жас аралығындағы төрт балада құсу, дене қызуының көтерілуі және іш өту белгілері байқалған.
Белгілері анықталғаннан кейін балалар медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен Көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, инфекциялық бөлімге жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі таңда балалардың жағдайы тұрақты. Олар дәрігерлердің бақылауында болып, қажетті емнің толық көлемін қабылдап жатыр.
Қазіргі уақытта уланудың нақты себебі анықталып жатыр. Құзырлы органдар оқиғаның мән-жайын тексеріп, лагерьдегі санитарлық талаптардың сақталуы мен балалардың тамақтану жағдайына қатысты тиісті жұмыстар жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар