Ақмолада заңсыз аң аулағандарға 8,5 млн теңге айыппұл салынды

22.01.2026 18:29 Нақыпбек Фатима Нақыпбек Фатима
Ақмолада заңсыз аң аулағандарға 8,5 млн теңге айыппұл салынды
47
Фото: Ақмола облысының прокуратурасы

Ақмола облысында табиғат байлығына заңсыз қол сұғу деректері тыйылар емес. Осыған байланысты өңір прокурорлары аңшылар мен балықшылар арасында арнайы түсіндіру жұмыстарын күшейтті, деп хабарлайды Politico.kz

Қадағалаушы орган өкілдері табиғат пайдаланушылармен кездесу барысында браконьерлікке жол бермеу және қоршаған ортаны қорғау заңнамасын сақтау мәселелерін жіті түсіндірді. Мамандар аңшылық пен балық аулаудың заңдылығын сақтау әрбір азаматтың міндеті екенін алға тартады.

Өкінішке қарай, статистика заң бұзушылықтардың азаймай тұрғанын көрсетеді. Мәселен, 2025 жылдың өзінде облыс аумағында аңшылық және балық аулау ережелерін өрескел бұзған 400-ге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға салынған айыппұлдың жалпы сомасы 8,5 миллион теңгеге жеткен.

Бұдан бөлек, табиғатқа келтірылген залалдың ауырлығына байланысты Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне 11 қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілді.

Осы орайда, прокуратура қызметкерлері барлық әуесқой аңшылар мен балықшыларды табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға және заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий