Ақмолада жүргізуші оқушыны көлігімен қағып, қашып кетті

Ақмолада жүргізуші оқушыны көлігімен қағып, қашып кетті
Фото: Видеодан кадр

Ақмолалық жүргізуші оқушы қызды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Бұл туралы зардап шеккен қыздың туыстары дабыл қақты. Оқиғаның видеосы желіде тарады.

Облыстық полиция жүргізушінің кім екенін анықтады. 

«Жүргізуші жол жиегінде келе жатқан кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жасөспірім ауруханаға жатқызылды», - деп мәлімдеді ведомство.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу