АҚШ Мемдепартаментінің тізімі: Қазақстан Франция мен Ұлыбританиядан қауіпсіз деп танылды

17.08.2026 22:13 Қанат Айбар
АҚШ Мемдепартаментінің тізімі: Қазақстан Франция мен Ұлыбританиядан қауіпсіз деп танылды
208
Ашық дереккөздерден

Қазақстан АҚШ Мемлекеттік департаментінің саяхатшыларға арналған ұсыныстар тізімінде (Travel Advisory) қауіп-қатердің ең төменгі — бірінші деңгейіне орналасты. Елімізге сапарлауды жоспарлап отырған америкалықтарға тек әдеттегі қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылған, деп хабарлайды Politico.kz.

АҚШ Мемдепартаментінің ескерту жүйесі төрт деңгейден тұрады:

  • Әдеттегі қауіпсіздік шараларын сақтау;
  • Жоғары сақтық таныту;
  • Сапарды қайта қарастыру (бармай тұра тұру);
  • Саяхаттан толықтай бас тарту.

Қазақстан жазылған карточкада ешқандай жоғары қауіп-қатер туралы арнайы ескертулер жоқ, ал республиканың өзі саяхатшылар үшін жалпы қауіпсіз бағыт ретінде сипатталған.

Салыстырмалы түрде айтсақ, Франция, Ұлыбритания және Италия екінші деңгейге жатқызылған, яғни бұл елдерде туристерге жоғары сақтық таныту ұсынылады. Ал Ресей төртінші санатқа енгізілген — АҚШ азаматтарына ол елге бармау кеңес беріледі.

Сонымен бірге, Travel Advisory әлемдік қауіпсіздік рейтингі болып саналмайды және арнайы АҚШ азаматтары үшін әзірленеді. Бұл санаттар елдегі қылмыс деңгейін немесе жалпы өмір сүру сапасын тікелей көрсетпегенімен, Мемлекеттік департаменттің Қазақстанда америкалық саяхатшылар үшін ешқандай қауіп көріп тұрмағанын айғақтайды.

Войдите, чтобы оставить комментарий