АҚШ пен Қытай Қазақстанның вольфрамына таласып жатыр

АҚШ пен Қытай Қазақстанның вольфрамына таласып жатыр
23.10.2025 16:21
0
794
фото: ашық дереккөз

АҚШ пен Қытай Қазақстанның вольфрам қорлары үшін тартысқа түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Қарағанды облысындағы екі ірі вольфрам кен орнына байланысты келіссөздерге АҚШ пен Қытайдың қызығушылығы артып отыр. Келіссөздерге тікелей АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі араласқан. Вашингтон бұл ресурстарды америкалық Cove Kaz Capital компаниясы арқылы игеру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Пентагон үшін вольфрам оқ-дәрілер мен әскери техника жасауға қажетті стратегиялық металл. Сол себепті АҚШ бұл жобаны ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан да маңызды деп санайды.

Келіссөздерге АҚШ-тың сауда министрі Ховард Латник пен «Самұрық-Қазына» қоры қатысып жатыр. Қаржыландыруды АҚШ-тың Халықаралық даму қаржыландыру корпорациясы мен Экспорт-импорт банкі қамтамасыз етуі мүмкін. Вашингтон бірнеше миллиард доллар көлемінде несие бөлу нұсқаларын қарастыруда.

Әңгіме Қарағанды облысындағы Қайрақты Жоғарғы және Солтүстік Қатпар кен орындары жөнінде болуы ықтимал. Сарапшылар бұл нысандардың қоры ондаған жылға жететінін айтады.

Алайда бұл бағытта Қытай да белсенділік танытып отыр. Ақпарат көздерінің мәліметінше, қытайлық мемлекеттік компания Xiamen Tungsten Co., Ltd. аталған активтерді алу үшін нарықтық бағадан жоғары ұсыныс беруге әзір. Осылайша, екі алпауыт елдің арасындағы бәсеке ашық тартысқа ұласқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий