АҚШ-тың жаңартылған санкциялар тізіміне Қазақстан компанияcы енді
АҚШ Сауда министрлігі санкциялар тізімін жаңартып, оған тағы 123 компанияны қосты. Бұл туралы АҚШ Үкіметінің ресми құжаттардың федералдық тізілімінде жарияланған хабарламасында айтылған.
Тізімге Алматы қаласында тіркелген қазақстандық компания – түрік компаниясының All Global Trading Elektronik Dis Ticaret Ltd Sti өкілдігі кірді. Ашық ақпарат көздеріне сәйкес, негізгі қызмет түрі – электр жабдықтарын, сымдар мен микросұлбаларды көтерме саудада өткізу.
Сондай-ақ құжатқа 64 ресейлік, 42 қытайлық, 11 ирандық, 8 түрік компаниясы, Канада, Кипр, Қырғызстан, Украина және БАӘ елдерінен бір-бір ұйым кірді.
Ұйымдарды АҚШ Үкіметі АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мен сыртқы саяси мүдделеріне қарсы әрекет етуші деп таныды, - делінген хабарламада.Фото: 9111.ru
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...