АҚШ Украина бойынша бейбіт жоспарды келесі аптада жариялайды
Bloomberg: АҚШ Германияда Украинаға арналған бейбіт жоспарын ұсынады
АҚШ келесі аптада Германияда өтетін Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтатуға бағытталған бейбіт жоспарын ұсынбақ, деп хабарлайды Bloomberg.
Агенттіктің мәліметінше, бұл жоспарды АҚШ президентінің Украина мен Ресей бойынша арнайы өкілі Кит Келлог таныстырады. Жоспардың егжей-тегжейі әзірге белгісіз, бірақ "күш арқылы бейбітшілік" қағидасына негізделген болуы мүмкін.
"Мүмкін болатын шарттардың қатарында қақтығысты уақытша тоқтату, Ресей басып алған аумақтардың мәртебесін анықтауды кейінге қалдыру және Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру бар", – делінген материалда.
Сондай-ақ, Келлог осы айда Киевке барып, Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесуі жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Трамп бұған дейін Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде тоқтата алатынын мәлімдеген болатын. Ол 2025 жылдың қаңтарынан бастап Украинадағы қақтығысты шешуге кірісетінін айтқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
29.10.2026
14:19
TikTok-та «өнер» көрсеткен екінші адам да жазас...
29.10.2026
14:15
«Екі жарты бір бүтін»: Меруерт Түсіпбаева таным...
29.10.2026
14:01
Бектенов Мақсұтовтың неге кеткенін түсіндірді
29.10.2026
13:30
Атырауда қазандықта жарылыс болды (ВИДЕО)
29.10.2026
13:08
«Қолын қайырып алып кетті»: Павлодарда қайта са...
29.10.2026
13:03
«9 жыл бұрын екі жаққа кеткенбіз»: Олжас Абай б...