«Ақша табуды үйретсеңіз жөн болар еді»: Кәмшат Жолдыбаева бастамасы желіде дау тудырды
Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева әлеуметтік желіде жариялаған видеосымен көпшіліктің назарын аударды. Өнер иесі әйелдерге арналған арнайы кездесулер ұйымдастырып, бір ай бойы таңдалған қатысушылармен жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Politico.kz
Әншінің сөзінше, ол қыз-келіншектерге арналған топ құрып, әйел болмысының сұлулығын ашуға бағытталған әңгімелер мен түрлі практикалық сабақтар өткізбек.
— «Әдемі әйелдер қауымын жинап, тәніміздің, табиғатымыздың сұлулығын ашатын сырлы кездесулер жасағым келеді. Пайдалы кеңестер айтып, рухани қолдау көрсеткім келеді», — дейді Кәмшат.
Алайда бұл бастама желі қолданушылары арасында әртүрлі реакция тудырды. Кейбірі әншіні қолдап, ниетіне сәттілік тілесе, енді бірі сын айтып, күмән келтірген.
Пікір қалдырғандар арасында:
«Өзі не істеп жүргенін білмей жүрген сияқты», «әркім өз жолын өзі таңдайды», «ақша табуды үйретсеңіз дұрыс болар еді», «бағасы тек байларға арналған болса, бізге мүмкіндік жоқ қой» деген жазбалар да кездеседі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...