АҚШ-та әуежайда екі ұшақ соқтығысып, адам өлімі тіркелді
688
АҚШ-та Learjet 35A және Gulfstream 200 әуе апаты орын алды
АҚШ-тың Аризона штатындағы Скоттсдейл халықаралық әуежайында екі ұшақтың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тапты, ал тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Bombardier Learjet 35A ұшағы қону кезінде шассидің ақауына байланысты ұшу-қону жолағынан шығып, жеке меншік аумақта тұрақта тұрған Gulfstream G-200 бизнес-джетіне соғылған.
Оқиға 9 ақпан күні жергілікті уақытпен 14:45 шамасында болған. Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) хабарлауынша, Learjet 35A-ның шассилері дұрыс жұмыс істемей, ұшақ қону жолағынан шығып кеткен.
Апат салдарынан бір адам сол жерде көз жұмды. Құтқарушылар мәйітті шығару үшін кешке дейін жұмыс істеді. Екі адам ауыр жарақат алып, жақын маңдағы аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Тағы бір адам жергілікті ауруханаға жеткізілді, ал төртінші жолаушы медициналық көмектен бас тартты.
Соңғы жаңалықтар
30.07.2026
00:00
Досымен бәстескен ер адам Аргентина құрамасы же...
29.07.2026
23:22
«Сотқа беремін»: Мейірман Шекеев Аша Матайға ес...
29.07.2026
22:42
Қазақстан мен АҚШ КҚК мәселесін талқылады
29.07.2026
21:52
Тарихта алғаш рет! Қазақстандық семсерлесушілер...
29.07.2026
21:46
Тоқаев Астанада «Болашақ ойындарын» ашып, Қазақ...
29.07.2026
21:14
Түркістан тауларында қайғылы жағдай: Бір адам қ...