Ақтау гарнизонында әскери қызметші көз жұмды
Ақтау гарнизонында әскери қызметші ажал құшты. Бұл туралы Құрлық әскерінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
14 қаңтарда бөлімше Ақтау гарнизонының Оймашы әскери полигонынан қайтып келе жатқан кезде жол апаты болған.
«Қараңғы түскен уақытта көктайғақ салдарынан КамАЗ көлігі келісімшарт бойынша қызмет атқаратын кіші сержант Г. есімді әскери қызметшіні қағып кетті. Жарақат салдарынан әскери қызметші оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.
Қарулы Күштер қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Отбасына заңнамаға сәйкес көмек көрсетіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...