Ақтауда 15 жастағы оқушы өлі табылды

Ақтауда 15 жастағы оқушы өлі табылды
Видеодан скриншот

Ақтауда 15 жастағы мектеп оқушысы биіктіктен құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға 6 сәуір күні Ақтау қаласындағы 13-ші шағын ауданда орналасқан тұрғын үйлердің бірінде болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқиға бойынша суицид нұсқасы да қарастырылып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жария етілмейді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу