Ақтауда екі қайық соқтығысты: зардап шеккендердің бірі – бала
13 қыркүйек күні кешке Ақтаудағы «Меловой» маягының маңында екі катер соқтығысып, екі адам зардап шекті. Олардың бірі бала, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, қазіргі уақытта олардың жағдайы нақтыланып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын бастады. Катерлердің соқтығысу сәті видеоға түсіп қалған.
Алдын ала болжам бойынша, апат капитанның бірінің қателігінен болған.
Жергілікті яхт-клуб әкімшілігінің түсіндіруінше, теңізде кемелердің соқтығысуын болдырмаудың халықаралық ережелері бар. Оған сәйкес, бір-біріне қарсы келе жатқан екі кеме де оңға бұрылып, сол жақ борттарымен өтуі тиіс.
Алайда, осы оқиғада катердің бірі ережеге сай оңға бұрылса, екіншісі солға бұрылып, соқтығысуға жол берген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...