Ақтауда энергетикалық кешенде екі жұмысшы күйік алды
Ақтауда екі жұмысшыға қышқыл шашырап, күйік алды
Ақтаудағы энергетикалық кешенде екі жұмысшыға қышқыл шашырап, күйік алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақтау қаласындағы энергетикалық кешенде екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды. Оқиға 23 сәуір күні таңғы сағат 10:30 шамасында жабдықты жуу кезінде болған.
Ресми мәліметке сәйкес, жұмыс аяқталып, насос өшірілгеннен кейін шлангты шешу барысында қысыммен қышқыл сыртқа атқылап, шашыраған. Соның салдарынан ерітінді жұмысшылардың бетіне және көздеріне тиген.
Зардап шеккендер шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Алайда олардың жағдайы мен жарақаттарының ауырлығы әзірге жарияланған жоқ. Мамандардың айтуынша, қышқылдың көзге түсуі ауыр салдарға әкелуі мүмкін.
Оқиға туралы еңбек инспекциясына хабар берілген. Қазір тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер жарақаттар ауыр деп танылса, іс арнайы тәртіппен тергеледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...