Ақтауда интим видео тарату дерегі бойынша күдікті анықталды

20.04.2026 12:44 Мөлдір Талғат
Ақтауда интим видео тарату дерегі бойынша күдікті анықталды
987
Фото: коллаж politico.kz

Ақтау қаласында жеке видеоматериалды заңсыз тарату дерегінің алды алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақтау қаласы полиция қызметкерлері WhatsApp мессенджері арқылы жеке бейнематериалды заңсыз тарату дерегін тоқтатты.

Полицияға жергілікті блогерлер болып табылатын ерлі-зайыптылар жүгініп, тек жеке пайдалану үшін арналған интимдік бейнематериалдарының әлеуметтік желілерде таралып жатқанын хабарлаған. Олардың айтуынша, ақпараттың таралуына бұрын олармен жұмыс істеген мобилографтардың бірі қатысы болуы мүмкін.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 147-бабы (жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жеке өмір туралы мәліметтерді тұлғаның келісімінсіз заңсыз тарату) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өтініш түскен сәттен бастап полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, жәбірленушілермен тұрақты байланыста болды.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол – Ақтау қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны.

Қалған мән-жайлар анықталуда.

Полиция азаматтарға жеке және құпия материалдарды олардың келісімінсіз тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий