Ақтауда полиция генералын қылмыстық топ құрды деп айыптады: қалаға арнайы комиссия келді
Ақтауға Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы шұғыл жетті. Тексеріске желіде тараған аты-жөні көрсетілмеген ұжымдық арыз түрткі болған, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желіні шарлап кеткен хатта Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов пен оның орынбасарларының аты аталады. Хат иелері жоғары шенді полиция өкілдерін ұйымдасқан қылмыстық топ құрды және бюджет қаржысын жымқырудың тұрақты сызбасын жасады деп айыптап отыр.
Арыздағы мәліметке сүйенсек, басшылық мемлекеттік сатып алуларды тек қағаз жүзінде өткізіп, тендерлерді алдын ала белгіленген қуыршақ компанияларға ұтып әперетін көрінеді.
«Жұмыс іс жүзінде орындалмаса да, бізді қабылдау актілеріне қол қоюға мәжбүрлейді. Бұл жүйелі түрде жалғасып келеді», — деген уәж айтылады анонимді хатта.
Дегенмен полиция департаменті бұл тексерістің бастамашысы – генералдың өзі екенін алға тартады. Ресми мәліметке сай, Сағындық Аяғанов есімінің қаралануына байланысты Ішкі істер министрлігіне арнайы хат жолдап, тексеріс жүргізуді сұраған. Тіпті, істің ақ-қарасын әділ анықтау үшін тексеріс жұмыстарына мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерін де қатыстыруды ұсыныпты.
%20%D0%9D%D0%BE%D0%B2%D1%8B%D0%B9%20%D0%B8%20%D0%A1%D0%BF%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B5%D0%B4%D0%BB%D0%B8%D0%B2%D1%8B%D0%B9%20%D0%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%96%D0%B0%D2%A3%D0%B0%20%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5%20%D3%98%D0%B4%D1%96%D0%BB%D0%B5%D1%82%D1%82%D1%96%20%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%20-%20F_%20-%20%5Bwww.facebook.com%5D%20(1)%20(1).png)
Соңғы жаңалықтар