Ақтаудағы AZAL ұшағының апаты: тергеу қорытындысы қашан жарияланады

03.12.2025 13:15 Әсел Мұрат
Ақтаудағы AZAL ұшағының апаты: тергеу қорытындысы қашан жарияланады
0
55
Фото: ашық дереккөз

Премьер-минстрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда Әзербайжан ұшағының апатын тергеу жұмыстарына қатысты түсінік берді. Осы орайда ол бұл бағыттағы тексеру нәтижесі жақында жарияланатынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оның айтуынша, тергеу екі бағытта іске асырылды. Бас прокуратура қылмыстық құрамды тергеп жатыр. Ал көлік министрлігі авиациялық апаттың өзін тексерді.

«Көлік министрлігі тергеуді аяқтауға жақындады. Қазіргі уақытта технологияның, аэронавигациялық құралдардың және басқа жабдықтарға лицензия берушілерден немесе өндірушілерден қорытынды есеп күтіп отырмыз. Жалпы, Көлік министрлігінің тергеуін аяқтауға дайынбыз, яғни биыл немесе келесі жылдың басында нәтижесі шығады. Бас прокуратураға тоқталсақ, онда да ілгерілеу бар. Осы мәселе бойынша көршілес мемлекеттер басшыларының тиісті мәлімдемелерін де көрдіңіздер. Сондықтан келесі жылы осы тұрғыдағы іс-шаралар аяқталады деп үміттенеміз», — деді Бозымбаев.

Айта кетейік, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Бакуден Грозныйға бағыт алған AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. 

Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Апат салдарынан 38 жолаушы қаза тауып, 29 адам аман қалды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий