Ақтауда мылтықпен мысықтарды атып жүрген тұрғын жазаланды
Жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін ақтаулық тұрғынға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлады politico.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2-шағын ауданның тұрғыны мысықтарды қарумен атқан. Ер адам осы ісі үшін жауапқа тартылды.
Жануарларға қатыгездік көрсеткен ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген полиция хабарламасында.
Еске сала кетсек, 5 тамызда 2-шағын аудандағы 74-үйдің тұрғындары жер үйде тұратын көршісінің мысықтарды атқанын айтып, шығамданған еді.
Фото: elements.envato.com
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
02.11.2026
20:58
Қазақстанда «Кек алушылар: Доктор Дум» фильміні...
02.11.2026
19:46
Алматыда «Dostyk Plaza» СӨО келушілері жарылыс ...
02.11.2026
18:21
Мемлекет басшысы Теміртауда «Qarmet» АҚ ұжымыме...
02.11.2026
17:18
Наташа Қалымбетова АҚШ-та 30 жылдан астам уақыт...
02.11.2026
17:04
«Көп пенденің беті ашылды»: экс-депутат қызметт...
02.11.2026
16:25
Мөлдір Мұқанова 11 млн теңге тұратын алқасын кө...