Ақтауда қоқыс контейнерінен MMA файтерінің мәйіті табылды
808
Ақтау қаласында аралас жекпе-жек шеберінің денесі қоқыс контейнерінен табылды деп хабарлайды politico.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Нақты айтқанда, 20 қыркүйекте Ақтаудағы 3-шағын ауданда табылған файтер Вусал Жафаровтың денесі жараланып, толық ісінген, беті қарайған. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.
Ер адамның денесінің табылғанына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметі.Желі қолданушыларының мәлімдеуінше, ұрып-соғу белгілері бар Вусал Жафаровтың мәйіті бірнеше күн бойы көшеде жатқан. Айта кетсек, Вусал Джафаров 1994 жылы 10 қаңтарда дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын 2015 жылы бастап, 4 жекпе-жектің біреуінде ғана жеңіске жетіп, үшеуінде жеңілген.
Соңғы жаңалықтар
08.08.2026
17:51
Көкшетауда тұрғын 3,4 млн теңгелік әшекейлері б...
08.08.2026
16:32
«Жауап керек»: Ақтауда ұлынан айырылған ана мин...
08.08.2026
15:21
Шавкат Рахмоновтың отбасында қаралы хабар
08.08.2026
14:38
Tiktok-тағы тікелей эфирде шектен шыққан Тараз ...
08.08.2026
13:35
«Сараптама бәрін өзгертті»: Арман Дүйсеновтің ә...
08.08.2026
12:39
Министр грантқа түсе алмаған талапкерлерге маңы...