Ақтөбе облысында бірнеше көлік соқтығысып, біреуі өртенді: қаза тапқандар бар 

10.06.2026 10:57 Әсел МҰРАТ
Ақтөбе облысында бірнеше көлік соқтығысып, біреуі өртенді: қаза тапқандар бар 
210
Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облысындағы республикалық тасжолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Politico.kz. 

Үш көлік соқтығысып, біреуі өртенген. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, тағы сегіз адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды

Жол апаты 9 маусымда республикалық маңызы бар Ақтөбе – Астрахань тасжолының 240-шақырымында Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы маңында болған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бірден үш көлік – DAF жүк көлігі мен екі Toyota Camry жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан жеңіл көліктердің бірі оқиға орнында өртеніп кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір Toyota Camry автокөлігі өртенді. Алған жарақаттарынан екі адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы сегіз адам түрлі жарақатпен жедел жәрдем бригадасы арқылы Байғанин аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады полициядағылар.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий