"Түйемен соғтығысқан": Ақтау – Бейнеу тасжолындағы жол көлік апатынан төрт адам қаза тапты

17.09.2026 12:39 Мөлдір ҚАЙНАР
400
Фото: instagram.com/112_aktau

Маңғыстау облысындағы Ақтау – Бейнеу автожолында екі көліктің қатысуымен адам өліміне әкелген ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, Жетібай ауылынан Шетпеге қарай бағыт алған Toyota Camry көлігінің жүргізушісі тасжолдың бойында тұрған түйені қағып кеткен. Қатты соққы салдарынан екпінін тоқтата алмаған автокөлік қарсы бағыттағы жолаққа шығып кетіп, қарсы келе жатқан тағы бір Toyota Camry көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Қайғылы апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы төрт адам түрлі дене жарақаттарымен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Қос көлік те арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның толық мән-жайын, сондай-ақ жолға шығып кеткен жануардың иесін анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий