Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

Ақтөбе облысында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Ашық дереккөз
Шалқар ауданында оқушының қайғылы қазасы тіркелді

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

"Аталған факті бойынша Шалқар аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта жасөспірімнің өлімінің себебі мен мотивтері анықталуда", – делінген хабарламада.

Болған оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз. Бірақ алдын ала мәліметтерге сәйкес, оқушы буллингтің құрбаны болған болуы мүмкін. Бұл ақпарат әзірге ресми расталған жоқ.

Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу