Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы 3 жылға сотталды

03.06.2026 11:40 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бұрынғы басшысы 3 жылға сотталды
164
Фото: Stan.kz

Ақтөбеде қала әкімі аппаратының бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Исембайұлы алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Тергеу мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы кәсіпкерлік мақсатта мемлекеттен жер алғысы келген азаматша танысы арқылы Нұрсұлтан Исембайұлына 3 млн теңге берген. Бұл қаражатты делдал дәмханалардың бірінде алып, кейін әкімдік ғимаратында шенеуніктің өз қолына табыстаған. Экс-шенеунік соңына дейін кінәсін мойындамады.

Бастапқыда бірінші сатыдағы сот қылмысқа қатысы дәлелденбеді деген уәжбен 2025 жылдың наурыз айында оны толық ақтап шыққан еді. Бұған келіспеген Ақтөбе облысының прокуратурасы биыл 26 наурызда кассациялық сотта шағым түсіріп, ақтау үкімінің күшін жойдырды.

Осылайша іс қайта қаралып, Ақтөбе облыстық сотының алқасы бұрынғы шенеунікті өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, нақты жаза тағайындады.

«Нұрсұлтан Исембайұлы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтесін. Жәбірленушінің азаматтық талап арызы ішінара қанағаттандырылып, 3 млн теңге материалдық шығын, заңды өкілге 1,5 млн теңге өндірілсін», — деді судья.

Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар Кассациялық сотқа шығым түсіре алады.

Войдите, чтобы оставить комментарий