Ақтөбеде ана мен сәби көз жұмды: туыстары жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлап отыр

19.12.2025 09:20 Арман Ермеков Арман Ермеков
Ақтөбеде ана мен сәби көз жұмды: туыстары жедел жәрдем қызметкерлерін кінәлап отыр
0
350
Фото: КТК

Ақтөбеде дәрігерлердің екпесінен кейін жүкті келіншек пен сәбиі көз жұмды, деп хабарлайды Politico.kz порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында қырық бір жастағы жүкті әйел мен оның жаңа туған нәрестесінің өліміне қатысты дау туындады. Марқұмның жақындары орны толмас қазаға жедел жәрдем қызметкерлерінің біліксіздігі себеп болды деп есептейді.

Қайғылы жағдай Айжан Аязбаеваның отбасында қараша айының соңында басталған. 38 жастағы отағасы Руслан Сырлыбаевтың айтуынша жұбайы екеуі өмірге келетін қыз балаға есім таңдап жүрген. Отбасында бұған дейін екі ұл тәрбиеленіп жатқан және келіншек үшінші жүктілігін жеңіл өткерген. Алайда 29 қараша күні кешкісін оның қан қысымы күрт көтерілген.

Шақыртуға келген жедел жәрдем фельдшерлері науқастың қан қысымы 210 жеткенін тіркеп алдымен дәрі берген. Артынша олар магнезия екпесін салуды ұйғарған. Күйеуінің сөзінше дәл осы инъекциядан кейін әйелінің хәлі күрт нашарлап лоқсып тыныс алуы ауырлай түскен. Дәрігерлер оны шұғыл түрде ауруханаға алып кетуге мәжбүр болды.

Жолда науқасқа тамырынан дәрі құйылғанымен жағдайы түзеле қоймаған. Руслан Сырлыбаев көлік ішінде жарының аузынан көбік ағып ес-түссіз күйге түскенін жеткізді. Облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілген Айжан 13 күн бойы комада жатып 1 желтоқсанда қайтыс болды. Дәрігерлер шұғыл ота жасап іштегі нәрестені алып шыққанымен көптен күткен қыз бала да шетінеп кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы әзірге нақты себепті атамады. Бас штаттан тыс акушер-гинеколог Анар Ақатаева қызметтік тексеріс тағайындалғанын және оның қорытындысы туыстарына хабарланатынын мәлімдеді. Алдын ала болжам бойынша марқұмға пневмония диагнозы қойылған. Қара жамылған әулет бұл тұжырыммен келіспей полицияға арыздануға бекініп отыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий