Ақтөбеде әскери қызметкер кәмелетке толмаған қызды зорлаған
Сот кәмелетке толмаған қызды қорлаған әскери қызметкерді 15 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Politico.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ сот шешімімен ол әскери атағынан айырылды.
Қылмыс Ақтөбе қаласында болған. Әскери қызметкер Қылмыстық кодекстің 120-бабы – «Зорлау» бойынша сотталды. Істі Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Ақтөбе бөлімінің қызметкерлері тергеген. Жәбірленуші – кәмелетке толмаған, сондықтан іс бойынша толық мәліметтер жарияланбайды. Сот отырыстары Астана қаласында жабық режимде өтті.
«Ер адам қыз баланың қорғануға шамасы келмейтінін түсініп, жыныстық қатынасқа түскен. Ол кінәлі деп танылды», - делінген сот материалдарында.
Нәтижесінде ер адам 15 жыл 6 айға сотталды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
23:19
Испаниядағы ірі апаттан кейін Қазақстан СІМ мәл...
28.10.2026
22:18
6 жылға сотталған: Путиннен Қазақстанға әскер к...
28.10.2026
22:15
«Біз КСРО-да өмір сүріп жатқан жоқпыз»: Сабина ...
28.10.2026
21:12
Испаниядағы пойыз апатынан қаза тапқандар саны ...
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...