Ақтөбеде аулада ойнап жүрген қызды бейтаныс әйел ертіп кетпекші болған

23.04.2026 18:00 Әсел Мұрат
Ақтөбеде аулада ойнап жүрген қызды бейтаныс әйел ертіп кетпекші болған
343
Фото: видеодан скрин

Ақтөбе қаласындағы Нұр-Сити-2 шағын ауданында №23 үйдің ауласында алаңдатарлық жағдай болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бейтаныс әйел аулада ойнап жүрген кішкентай қызды өзімен бірге алып кетпек болған. Ол баланы «сақина мен басқа да заттар беремін» деп алдап, оңаша жерге шақырып, соңынан ертуге тырысқан.

Куәгерлердің айтуынша, күдікті балаға күмәнді сұрақтар қойған, соның ішінде «құлағыңда сырға бар ма?» деп сұраған. Алғашында қыз барудан бас тартқанымен, артынша оған еріп кеткен. Соған қарамастан, қорыққан бала ыңғайлы сәтті пайдаланып, қашып шығып, жақын маңдағы дүкенге кіріп, қауіпсіз жерге жасырынған.

Оқиға бейнебақылау камераларына ілінген. Алайда ауладағы камералар істемегендіктен, жазба дүкеннің камерасынан алынған.
Осыған қатысты облыстық полиця басқармасы түсініктеме берді.

Ақтөбе қаласы полиция басқармасы аталған факті бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізіп жатыр. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әйелдің кім екені анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың себептері мен мән-жайы анықталуда.

Тексеру қорытындысы бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий