Ақтөбеде әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген ер адам туралы тың дерек шықты

Ақтөбеде әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген ер адам туралы тың дерек шықты
12.05.2025 12:09
0
134
Фото: freepik.com

Бас прокуратура Ақтөбеде әйелді кепілге алып, ата-анасын өлтірген күдіктінің тергеу ісі аяқталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әйел және оның ата-анасының кепілге алынғаны туралы ақпарат 13 қаңтар күні түнгі 23:40 шамасында тарады. Оқиға орнына полиция басшысы мен прокурор барды. Полиция ер адаммен келіссөз жүргізілгенімен, ол келісімге келмеді. Кейін ер адам ұсталып, жәбірленушілер ауруханаға жеткізілген. Кепілге алынған бір адам тасымалдау кезінде қайтыс болған. Енді бірі операция кезінде көз жұмған. Кейіннен қайтыс болған адамдар кепілге алынған әйелдің өгей әкесі мен анасы екені белгілі болды. 

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеу барысында күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіріп, оның анасын және өгей әкесін өлтіргені, ал жәбірленушіні бостандығынан заңсыз айырып ұстағаны анықталды.

«Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігінің 1,3,5 тармақтары (екi немесе одан көп адамды өлтіру), 126-бабының 2-бөлігінің 3,4 тармақтары (өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдану арқылы заңсыз бостандығынан айыру) және 107-бабының 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру), яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды», деп хабарлады Бас прокуратура. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий