Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі үш есе арзанға сатылды
Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған «DoubleTree by Hilton» қонақүй кешені үшінші әрекеттен кейін сатылды. Бастапқы бағасы 38,2 миллиард теңге болған нысан 12 384 291 448 теңгеге өткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы мәлімет Электрондық сауда алаңында жарияланған. Сауда аяқталғаны көрсетілгенімен, қонақүйді кім сатып алғаны жазылмаған.
Сатушы ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген.
Саудаға шығарылған қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метрді құрайды. Ғимарат 0,2581 гектар жер учаскесінде орналасқан. Оның 0,2558 гектары нысанға тиесілі үлес ретінде көрсетілген.
Еске салайық, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды бұл қонақүйді 2023 жылғы қыркүйекте мемлекетке берген. Нысан сыйға тарту шарты негізінде мемлекет меншігіне өткен.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
16:51
Шортандыда вагон үстіне шыққан оқушыны тоқ соқты
30.10.2026
16:25
Жетісуда «жүкті» әйел 15 тәулікке қамалды
30.10.2026
16:06
Елордада Есіл өзенінен адам мәйіті табылды
30.10.2026
16:04
«Балалар үшін үйленбедім»: Медеу Арынбаев марқұ...
30.10.2026
15:45
Сатыбалдының бұрынғы қонақүйі үш есе арзанға са...
30.10.2026
15:24
«Бетімді тырнап, жарақаттады»: Алматыда ер адам...