Ақтөбеде ер адамның денесі табылды
Әлеуметтік желілерде Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылғаны және қалада маньяк жүргені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Ақтөбе облысының полициясы бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.
Полиция бір адамның мәйіті табылғанын хабарлады.
«Ақтөбе қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылды. Аталған факт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Қазір күдікті іздестіріліп жатыр. Полиция тергеу жұмыстарына байланысты өзге ақпаратты ашып айтпай отыр.
Желідегі ақпарат бойынша ер адамның денесі Ақтөбе қаласы Сәтбаев көшесі бойындағы мектеп маңында орналасқан қоқыс маңынан табылған. Күдікті ұсталмады.
Последние новости