Ақтөбеде HRT қаржы пирамидасы әшкереленді

Ақтөбеде HRT қаржы пирамидасы әшкереленді
11.06.2025 12:36
0
251
Бейнеден кадр
Алаяқтар электросамокат өндіреміз деп қаржы пирамидасын құрған

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Ақтөбе облысында Harmony Rider Technology(HRT) компаниясы өзін АҚШ-та тіркелген ірі инвестициялық жоба ретінде таныстырып, электросамокат шығару ісімен айналысатынын мәлімдеген. Бірақ іс жүзінде компания жоғары табыс уәде етіп, инвесторларды тартумен ғана айналысқан.

Қазақстандықтарға инвестиция құюды ұсынып, күніне 12–690 доллар аралығында кепілдендірілген төлем уәде еткен. Сонымен қатар, жаңа клиенттерді тартқан азаматтарға қосымша бонустар төленген.

115 адам алаяқтардың құрбаны болып, жалпы 197 млн теңге қаржы жоғалтты.

Тергеу барысында инвесторлардан алынған қаражат OKX криптоәмиянына аударылып, дәстүрлі валюталарға айналдырып, қылмыстық топ мүшелерінің жеке банк шоттарына шығарылғаны анықталды.

Алаяқтар бұл ақшаға 2 пәтер, 3 автокөлік иеленген.

Сот шешімімен барлық күмәнді мүлікке арест салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий